МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ

САРАПШЫЛАР АЛЬЯНСЫ

Мәзір
info@antitrust.kz 8 (7172) 79-27-36 Хат жазу
Табуға

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің бәсекелестікті қорғау мәселелері бойынша нормаларына ғылыми-практикалық түсіндірмелердің 2-інші басылымы таныстырылды.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің бәсекелестікті қорғау мәселелері бойынша нормаларына ғылыми-практикалық түсіндірмелердің 2-інші басылымы таныстырылды. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің бәсекелестікті қорғау мәселелері бойынша нормаларына ғылыми-практикалық түсіндірмелердің 2-інші басылымы таныстырылды.

 2017 жылғы 17 ақпанда Алматы қаласында Жыл сайынғы халықаралық Еуразиялық монополияға қарсы форумы жұмысы уақытында «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне ғылыми-практикалық түсіндірмелер», «Экономикалық бәсекелестік» деген 4-бөлімі / жалпы редакциясын басқарған А.Т. Айтжанов; Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы, Монополияға қарсы сарапшылар альянсы. – 2-інші басылым, пысықтаулар мен толықтырулар - Астана, 2017. – 299 б.» (бұдан әрі – Түсіндірмелер) түсіндірілді.

Түсіндірмені осы жұмыстың авторларының бірі және жауапты редактор «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның президенті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Экономикалық теория және монополияға қарсы реттеу» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Бәсекелестікті қорғау мәселелері жөніндегі кеңесінің мүшесі, «Монополияға қарсы сарапшылар альянсы» ҚБ Кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты А.Т. Айтжанов таныстырды. Ол 2016 жылы Монополияға қарсы органның тапсырысы бойынша «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – ҚР КК) құрамындағы қазақстандық монополияға қарсы заңнаманың нормаларына ғылыми-практикалық түсіндірмелер дайындады және басып шығарды.

Екінші басылым бәсекелестікті қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, қалыптасып отырған құқық қолдану практикаларының негізінде ауқымы кеңейтілді, толықтырылды және өзектендірілді. Монополияға қарсы органның қолдауымен Орталық және «Монополияға қарсы сарапшылар альянсы» ҚБ дайындаған жаңа басылымда ҚР КК-нің «Экономикалық бәсекелестік» деген 4-бөлімінің негізігі баптарына құқықтық ұстанымдар 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша едәуір нақты жазылған.

Түсіндірмелердің аталған басылымын дайындау қажеттілігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануынан туындады.

Аталған актімен ҚР КК-нің «Экономикалық бәсекелестік» деген 4-бөлімінің баптарына 50-ден астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ҚР КК-нің мына баптарына: «Бәсекелестікке қарсы келісімдер» деген 169-бапқа, «Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері» деген 170-бапқа, «Үстем немесе монополиялық жағдай» деген 172-бапқа, «Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау» деген 196-бапқа, «Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешімдері» деген 224-бапқа және басқаларға маңызды және түбегейлі өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, ҚР КК-нің 4-бөлімінде жаңа норма, мысалы, «Монополияға қарсы комплаенс» деген 195-1-бап пайда болды.

Түсіндірмелерді дайындаған авторлар ұжымына мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар, практикада жиі қолданатын мамандар, оның ішінде монополияға қарсы органның аясында бәсекелестікті қорғаумен көп жылдар айналысып келе жатқан адамдар енгізілді. Тоғыз авторда заң және экономика ғылымдары бойынша кандидаттар мен ғылым докторларының ғылыми дәрежелері бар, алты автор бұрын монополияға қарсы органда жұмыс істеген қызметкерлер (қазіргі уақытта олар Орталықта жұмыс істейді және басқа да жетекші қазақстандық сарапшылармен бірге «Монополияға қарсы сарапшылар альянсы» қоғамдық ұйымының мүшесі болып табылады).

Бұл ретте түсіндірмелердің кейбір авторлары жобаларды және «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 4-бөлімін, сондай-ақ соңғы рет 2016 жылғы желтоқсанда қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуге тікелей қатысқан.

Авторлардың бірлесіп жұмыс істеуі Қазақстан Республикасы монополияға қарсы заңнамасының түсіндірме берілетін нормаларына теңдестірілген көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді және бәсекелестікті қорғау мәселелерімен кәсіби түрде айналысатындардың немесе заңнаманың осы саласына қызығушылық білдіретін барлық адамдар үшін пайдалы болады.

Түсіндірменің таралымы 1 000 данада басылды. Түсіндірме жұмыста пайдалану үшін сот органдарына, монополияға қарсы органдарға және Қазақстан Республикасының оқу орындарына жіберілетін болады.


ТҮСІНДІРМЕЛЕРДІҢ АВТОРЛАР ҰЖЫМЫ (2-інші басылым)

ӘБСАТТАРОВА МАРЖАН НЕСІПБЕКҚЫЗЫ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Отын-энергетикалық кешенін тергеу басқармасының басшысы;
АЙТЖАНОВ АЛДАШ ТҰРДЫҚҰЛҰЛЫ – «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның президенті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Экономикалық теория және монополияға қарсы реттеу» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, «Содействие развитию конкуренции в странах СНГ» коммерциялық емес әріптестік кеңесінің мүшесі, экон. ғылым. кандид.;
ӘЛІМҚҰЛОВ РАМАЗАН СИХЫМҰЛЫ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ-ның президенті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Халықаралық құқық» кафедрасының профессоры, заң. ғылым. докторы.;
АХМЕТОВ РУСТАМ НҰРЛАНҰЛЫ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
БАБЛАНОВ ТІЛЕУБЕРДІ ҚАДЕСҰЛЫ – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Экономикалық теория және монополияға қарсы реттеу» кафедрасының меңгерушісі, экон. ғылым. кандид., доцент;
БАЙЖАНОВ НҰРСЕЙІТ ӘБСАТТАРҰЛЫ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң департаментінің директоры, заң ғылым. кандид.;
БЕГДЕСЕНОВ ӘМІР БИСЕНҒҰЛҰЛЫ – «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің әріптесі және патенттік сенімді өкілі, «Kazakhstan Bar Association» (KazBar)»коммерциялық заңгерлер алқасы» РҚБ-нің монополияға қарсы құқық мәселелері комитетінің бірлескен төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бәсекелестікті қорғау мәселелері жөніндегі кеңесінің және зияткерлік меншік саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестің мүшесі;
БИЖАНОВА ГҮЛНАР ҚАДЫРЖАНҚЫЗЫ – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі;
БОЛАТБЕКОВ ЖАНДОС БОЛАТҰЛЫ – «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның Нарықтарды талдау департаментінің директоры, «Монополияға қарсы сарапшылар альянсы» ҚБ Кеңесінің мүшесі;
ДАРБАЕВ АСАН КӨБЕНТАЙҰЛЫ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
ЖҰМАБАЕВА ӘЛИЯ МАРАТҚЫЗЫ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
ДОБРИЯН ЕЛЕНА ИВАНОВНА – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіНІҢ Картелдерге қарсы күрес басқармасының басшысы;
ҚАЛИЕВ ӘДІЛ АБАЖАНҰЛЫ –Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары;
ҚАЛИ ЖӘНІБЕК ЖАУБАСАРҰЛЫ – «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның Құқықтық сараптама департаментінің директоры;
КНЯЗЕВА ИРИНА ВЛАДИМИРОВНА – «Центр исследования конкурентной политики и экономики» зертханасының басшысы, Ресейдің халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (Сібір басқару институты) профессоры, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның консультанты, Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметі (ФМҚ) Ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі, экон. ғылым. докторы, профессор;
КӨМЕКБАЕВА РАУШАН ЖҰМАТАЙҚЫЗЫ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Экономикалық интеграция басқармасының басшысы;
ҚҰСАЙЫНОВ АҚЫЛБЕК АСҚАРБЕКҰЛЫ – «Дентонс» халықаралық заң фирмасының бәсекелестік құқық саласындағы қазақстандық практиканың басшысы, «Содействие развитию конкуренции в странах СНГ» коммерциялық емес әріптестік кеңесінің мүшесі, «KazBar» Қазақстанның коммерциялық заңгерлер алқасы Кеңесінің мүшесі, LL.M;
МАКСИМЕНКО ЕЛЕНА ВИКТОРОВНА – «Дентонс» халықаралық заң фирмасының заңгері;
МАҚЫШ СЕРІК БИХАНҰЛЫ – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті Экономикалық факультетінің деканы; экон. ғылым. докторы., профессор;
МАСИНА ГҮЛНҰР ЖАЙЛАУБАЙҚЫЗЫ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы;
МЕЛДЕШОВ ЖАНБОЛАТ ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті;
МҰСТАФИН МАРАТ КӘРІМҰЛЫ – «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның вице-президенті;
НҰРҚЫШЕВА ЕЛМИРА МҰРАТҚЫЗЫ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Өнеркәсіп салаларын тергеп-тексеру басқармасының басшысы;
ПРИМАШЕВ НҰРЗАДА МАХАНБЕТҰЛЫ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Басқару институты профессорының міндетін атқарушы, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның консультанты, заң. ғылым. кандид.;
РАДОСТОВЕЦ НИКОЛАЙ ВЛАДИМИРОВИЧ - «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ-нің атқарушы директоры, «Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» РЗТБ-нің президенті, «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның консультанты, экон. ғылым. докторы.;
СПАН ЖАНДОС ИБАДОЛЛАҰЛЫ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы;
ТОЛЫСБАЕВ БАУЫРЖАН СОВЕТҰЛЫ – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, экон. ғылым. докторы, профессор;
ТҰЯҚБАЕВА МИРА АСЫЛБЕКҚЫЗЫ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Көлік және байланыс саласын тергеп-тексеру басқармасының басшысы;
ТОҚЫШЕВ ЕЛНҰР МАРАТҰЛЫ – «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі;
ҚАЛТҰРСЫНОВ ҚУАНЫШ ЖӘЛЕЛҰЛЫ - «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның вице-президенті, «Монополияға қарсы сарапшылардың альянсы» ҚБ Кеңесінің мүшесі.

Әлеуметтік желілерде пікір алмасу:
Пікір қалдыру
Автоматты түрде болатын хабарламалардан қорғау
Суреттегі сөзді енгізіңіз*