МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ

САРАПШЫЛАР АЛЬЯНСЫ

Мәзір
info@antitrust.kz 8 (7172) 79-27-36 Хат жазу
Табуға

Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасы нормаларына ғылыми-практикалық пікірлердің екінші басылымы шықты

Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасы нормаларына ғылыми-практикалық  пікірлердің екінші басылымы шықты  Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасы нормаларына ғылыми-практикалық  пікірлердің екінші басылымы шықты

«Монополияға қарсы сарапшылар альянсы» ҚБ (бұдан әрі - Альянс) «Бәсекелестікті дамыту және қорғау орталығы» АҚ-мен бірге Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - ҚР КК) құрамындағы қазақстандық монополияға қарсы заңнама нормаларына ғылыми-практикалық пікірлер әзірленіп, басып шығарылды. 2016 жылы «Бәсекелестікті дамыту және қорғау орталығы» АҚ (бұдан әрі - Орталық) Монополияға қарсы органның тапсырысы бойынша Альянс Кеңесінің Төрағасы Айтжанов А. Т. жалпы редакциялауы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - ҚР КК) құрамындағы қазақстандық монополияға қарсы заңнама нормаларына ғылыми-практикалық пікірлер әзірленіп, басып шығарылды.

Екінші басылым құқық қолдану практикасына сүйеніп, Қазақстан Республикасының заңнамасына бәсекелестікті қорғау саласындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып кеңейтілген, толықтырылған және өзектендірілген. Басылымда 2017 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР КК «Экономикалық бәсекелестік» 4 бөлімінің негізгі баптарына құқықтық позициялар жете мазмұндалған.

Пікірлер әзірлеген авторлық ұжымға мемлекеттік қызметкерлер, сарапшылар мен практикада жиі қолданатын мамандар, ғалымдар мен практиктер, оның ішінде монополияға қарсы орган қамқорлығымен бірнеше жыл бәсекелестікті қорғаумен айналысып келе жатқан мамандар енді. Осылайша, тоғыз автор заң және экономика ғылымдары бойынша ғылым кандидаттары және докторлары ғылыми дәрежелеріне ие; он бір автор монополияға қарсы органда жұмыс жасайды, ал алты автор – бұрын сол органда қызмет еткен (қазіргі уақытта олар Орталықта жұмыс жасайды жән «Монополияға қарсы сарапшылар альянсы» қоғамдық ұйымының қазақстандық жетекші мүшелері болып табылады).

Әлеуметтік желілерде пікір алмасу:
Пікір қалдыру
Автоматты түрде болатын хабарламалардан қорғау
Суреттегі сөзді енгізіңіз*