МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ

САРАПШЫЛАР АЛЬЯНСЫ

Мәзір
info@antitrust.kz 8 (7172) 79-27-36 Хат жазу
Табуға

Еуразиялық монополияға қарсы форум, 16-17 Ақпан 2017 ж., Алматы қ.

Еуразиялық монополияға қарсы форум, 16-17 Ақпан 2017 ж., Алматы қ. Еуразиялық монополияға қарсы форум, 16-17 Ақпан 2017 ж., Алматы қ.

2017 жылғы 16-17 ақпанда Алматы қаласында Жыл сайынғы халықаралық Еуразиялық Монополияға қарсы Форум өтеді (бұдан әрі – Форум).

Форумды «Бәсекелестікті дамыту және қорғау орталығы» АҚ (бұдан әрі - орталық), Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы (Астана қ., Қазақстан) және «ТМД елдерінде бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу» Коммерциялық емес серіктестігі (Мәскеу қ., Ресей) ұйымдастырады.

«Монополияға қарсы сарапшылар альянсы» ҚБ Форум серіктесі болып табылады.

Баяндамашылар мен қатысушылар

Форумның баяндамашылары мен қатысушылары Еуразиялық экономикалық комиссия өкілі (Монополияға қарсы саясат департаментінің директоры Жандарбек Д.Ж.), Еуразиялық экономикалық одақ Сотының өкілдері (төраға Федорцев А.А. және Төраға орынбасары Баешев Ж.Н.), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары Жұмабаева А.М.), ЕАЭО мүше елдердің монополияға қарсы органдарының өкілдері (Ресей ФМҚҚ өкілдері), ғылыми топтар өкілдері (Князева И.В.), іскерлік қоғам өкілдері (Ертлесова Ж.Д., Родостовец Н.В.), халықаралық ұйымдар өкілдері және басқалары болады.

Форум бағдарламасы

Форум бағдарламасы келесі тақырыптар бойынша бірнеше сессиялардан тұрады:
1) Еуразиялық экономикалық одақтағы бәсекелі ортаны құқықтық реттеу;
2) Цифрлық экономикадағы үстем жағдай;
3) Трансшекаралық және салалық нарықтардағы үстем жағдайды анықтау;
4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасындағы соңғы жаңашылдықтар мен оларды қолдану практикасы

Форум аясында біліктілікті арттыруға қатысушылар үшін іскерлік ойындар мен шеберлік сабақтары өткізіледі, сондай-ақ мәдени бағдарлама қарастырылған (толық бағдарлама http://eaf.kz/eaf17/program).

Форум жұмысына қатысу

Коммерциялық құрылымдар өкілдерінің Форум жұмысына қатысуы ақылы. Форумның барлық іс-шараларына қатысуға тіркеу жарнасы 100 мың теңгені (тарататын материалдар, кофе-брейктер, түскі астар, мәдени бағдарлама) құрайды. 10% көлеміндегі жеңілдік басқа қалалардан келген қатысушылар, бір компаниядан екі немесе одан көп делегаттар, сондай-ақ Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығының және Монополияға қарсы сарапшылар альянсының мүшелері үшін қолжетімді.

Форумға тіркелу

Форумға Форум сайтында http://eaf.kz/ тіркелуге болады немесе e-mail info@czk.kz және info@eaf.kz хат-өтінім жіберуге болады.

.

Әлеуметтік желілерде пікір алмасу:
Пікір қалдыру
Автоматты түрде болатын хабарламалардан қорғау
Суреттегі сөзді енгізіңіз*