МОНОПОЛИЯҒА

ҚАРСЫ САРАПШЫЛАР

Мәзір
info@antitrust.kz +7 775 164 27 15 Хат жазу
Табуға

Мақсаттары мен міндеттері

«Монополияға қарсы сарапшылар» ҚБ (бұдан әрі - Бірлестік) негізгі мақсаттары :

  • монополияға қарсы заңнаманы қолданудың тиімді тәжірибесін қалыптастыру;
  • бәсекелестік мәселелері бойынша нормашығармашылық қызметіне қатысу;
  • бәсекелестікті реттеу мәселелерін талдау және әлемдік тәжірибені пайдалану;
  • заңгерлер мен экономистердің бәсекелестік түсінігін қалыптастыруға жәрдемдесу;
  • монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша кең сараптамалық және кәсіби қоғамдастықты қалыптастыруға жәрдемдесу (бәсекелестікті реттеу).

Негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін Бірлестік келесі қызметті жүзеге асырады:

  • монополияға қарсы заңнаманы қолдану практикасын мониторингілеу;
  • жеке пікір қалыптастыру, монополияға қарсы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша сараптамалық тұжырымдамалар (ұсынымдар) әзірлеу;
  • бәсекелестікті қорғау және дамыту мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
  • Интернет желісіндегі жеке сайтын құру және қолдау;
  • Бірлестік қызметіне қатысты ақпаратты оның мүшелері арасында тарату;
  • бәсекелестікті қорғау және дамытудың құқықтық және экономикалық мәселелеріне зерттеу жүргізу;
  • іскерлік ынтымақтастықты, Бірлестік мүшелері арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
  • Қазақстандағы және шетелдегі монополияға қарсы заңнаманы қолдану мәселелеріне арналған ашық іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу (симпозиумдар, семинарлар, конференциялар);
  • Практикада қолданатын заңгерлер, экономистер және монополияға қарсы заңнаманы қолдану мәселелеріне қызығушылық танытатын ЖОО студенттері үшін семинарлар мен тренингтер ұымдастыру;